Жолдағы қауіпсіздікке баса мән берілуде

    Жолдағы қауіпсіздікке баса мән берілуде

    Маңғыстау облысында жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстар күшейтілді.
    Полиция қызметкерлері облыстың қалалары мен аудандарында рейдтік іс-шаралар өткізіп, жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілерін анықтауда. Оның ішінде көлік құралын масаң күйде басқару деректеріне ерекше назар аударылуда.
    Жүргізушілер арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, жол қозғалысы ережелерін сақтау, көлік құралын қауіпсіз басқару және алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін көлік жүргізудің қауіптілігі түсіндірілуде.
    Полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды тұрақты негізде жалғастырады.
    Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, жолда мұқият болуға және көлік құралын масаң күйде басқармауға шақырады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Маңғыстау облысының Полиция департаменті" жаңалықтары