ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ӨНДІРІСТІК ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ – МАҢЫЗДЫ КЕПІЛДІК

    ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ: ЖҰМЫСКЕРЛЕРДІ ӨНДІРІСТІК ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ – МАҢЫЗДЫ КЕПІЛДІК
    Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өндірістегі жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізу мақсатында 2026 жылдың 6 қазан күні Департаменттің «Талдау жұмысы бөлімінің» басшысы Сихымбай Дінмұхамед Иглікұлының төрағалығымен қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру мәселелерін түсіндіру бойынша жиын өткізілді.
    Түсіндіру жұмыстарының негізгі мақсаты – өндірістік жарақаттанудың алдын алу, еңбек қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жұмыскерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру.
    Түркістан қаласында орналасқан жеке меншік балабақшалар мен білім ордалары өкілдерінің қатысуымен өткен жиын барысында жұмыс берушілер мен жұмыскерлерге өндірістік жарақаттану жағдайында міндетті сақтандырудың маңыздылығы, сақтандыру шарттарын уақтылы жасасудың қажеттілігі және оның еңбек қатынастары тараптары үшін беретін кепілдіктері түсіндірілді.
    Сонымен қатар, өндірісте жазатайым оқиға орын алған жағдайда жұмыскердің заңнамада көзделген әлеуметтік және материалдық қорғауға құқығы бар екені айтылды. Жұмыс берушілерге еңбек қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын қорғауға бағытталған шараларды тұрақты түрде жүргізу қажеттігі ескертілді.
    Кездесу соңында қатысушылар арасында пікір алмасу өтіп, қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар берілді.
    Жалпы, мұндай іс-шаралар жұмыскерлердің әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруға және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті" жаңалықтары