Қауіпсіз жылыту маусымы: Ақмола облысында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

    Қауіпсіз жылыту маусымы: Ақмола облысында профилактикалық жұмыстар күшейтілді

    Ақмола облысында жылыту маусымында өрттер мен көміртек тотығынан уланудың алдын алуға бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жалғасуда.

    Пешпен жылытылатын үйлерге ерекше назар аударылуда. Рейдтер барысында мамандар пештердің, мұржалар мен желдету жүйелерінің жағдайын тексеріп, жылыту жүйелері мен электр жабдықтарын қауіпсіз пайдалану талаптарын түсіндіреді, сондай-ақ мұржаларды уақтылы тазалаудың маңыздылығын еске салады.

    Профилактикалық жұмыстың маңызды бағыттарының бірі – автономды көміртек тотығы датчиктерін орнату. Олар газдың қауіпті концентрациясын дер кезінде анықтап, адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алуға мүмкіндік береді.

    Облыс аумағында профилактикалық жұмыстар аясында «ЖАТАҚХАНА» акциясы өткізілді. Акцияны өткізу үшін Департаменттің аумақтық бөлімшелері 145-тен астам адамнан тұратын 20 мобильді топ құрды. Олардың құрамына азаматтық қорғау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың, полиция қызметкерлері және волонтерлік ұйымдардың өкілдері кірді.

    Акция барысында 45 нысан қамтылып, 1 455 адамға профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Нысан иелері мен тұрғындарға өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау, өрт болған кездегі іс-қимылдар, электр жабдықтары мен жылыту жүйелерін қауіпсіз пайдалану бойынша нұсқаулықтар берілді.

    Қосымша ақпараттандыру мақсатында әлеуметтік желілерде 19 профилактикалық материал жарияланып, дыбыс күшейткіш құрылғылар арқылы 84 рет түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақырады. Пештердің, мұржалар мен электр сымдарының жарамдылығын бақылап, оларды уақтылы тексеріп, тазалау, жағылып тұрған пештер мен электр жылыту құрылғыларын қараусыз қалдырмау, сондай-ақ тұрғын үйлерге автономды көміртек тотығы датчиктерін орнату қажет.

    Облыстағы профилактикалық жұмыстар жалғасуда және жылыту кезеңінде өрт қаупін азайтуға әрі адамдардың қаза болуына жол бермеуге бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары