МКК мен Binance Kazakhstan цифрлық активтерге салық салу мәселелерін талқылады

    МКК мен Binance Kazakhstan цифрлық активтерге салық салу мәселелерін талқылады

    7 қазанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Binance Kazakhstan криптовалюта биржасының өкілдерімен кездесу өтті.

    Кездесу барысында цифрлық активтермен жасалатын операцияларға салық салу тәсілдерін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды. Негізгі назар нарық қатысушылары үшін салықтық әкімшілендіруді оңайлатуға және нарықтың одан әрі дамуына жағдай жасауға аударылды.

    Кездесу қорытындысы бойынша тараптар мүдделі мемлекеттік органдардың қатысуымен ұсынылып отырған өзгерістер жөніндегі консультацияларды жалғастыруға келісті.

    МКК цифрлық активтер нарығының өкілдерімен ашық диалог жүргізу нарық қызметінің практикалық аспектілерін ескеруге, оның ашықтығын арттыруға және салықтық әкімшілендіру тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік беретінін атап өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті" жаңалықтары