Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

    Комитет туралы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті орталық атқару органының құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың, кедендік және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіби зейнетақы жарнасын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан халқы тілдері күні мен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай дөңгелек үстел өтті

    ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті 2026 жылғы 4 қыркүйекте Қазақстан халқы тілдері күніне және ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай Комитет қызметкерлерінің айтыскер ақын, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дәулеткерей Кәпұлымен кездесу-дөңгелек үстел ұйымдастырды. Дөңгелек үлтел қонағы Дәулеткерей Кәпұлы ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының қазақ тарихындағы алған орны, атқарған қызметі мен ғылыми шығармашылығы туралы терең мағұлмат бере отырып, ой-толғаулар айтты. Кеш барысында қызметкерлермен тіл тақырыбында өлеңдер оқылды, күй тартылды. Сонымен қатар кеш қонағы Дәулеткерей Кәпұлы да өз шығармаларынан үзінді оқып тыңдармандарды тәнті етті. Залдан қойылған сұрақтарға тұшымды, ой толғатар жауап та болды.

    4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Алматы қаласында жеке тұлғалардың банкроттығына қатысты өзекті мәселелер талқыланды

    2026 жылғы 3 қыркүйекте Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдерінің микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер және мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық бөлімшелері өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесу барысында кредиторлардың банкроттық рәсімдеріне қатысушылармен өзара іс-қимылы, қаржы ұйымдарының қарыз алушылардың төлемдері туралы ақпаратты уақтылы әрі дұрыс ұсынуы, азаматтар банкрот деп танылғаннан кейін олардың қаржылық жағдайына мониторинг жүргізу, сондай-ақ кредиторлар талаптарын жолдаудың белгіленген мерзімдерін сақтау мәселелері талқыланды. Сонымен қатар сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімдерін цифрландыру мәселелері қаралды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар практикалық мәселелерді шешу және банкроттық рәсімдеріне қатысушылар арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстарымен алмасты.

    4 қыркүйек 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттік кіріс органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай спорттық жарыс өткізді

    2026 жылғы 14 тамызда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуына орай Спартакиада өтті. Спорттық шараға Мемлекеттік кірістер комитеті мен аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінің 400-ге жуық қызметкері қатысты. Спартакиаданың ашылу салтанатына Олимпиада чемпионы әрі қоғам қайраткері Серік Сәпиев қатысып, құттықтау сөз сөйледі және қатысушыларға сәтті өнер көрсетуді, командалық рух пен жаңа спорттық жеңістер тіледі. Ашылу салтанатына «Жеңіс» клубының капитаны әрі Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы, қазақстандық футболшы Қуат Исламбек те қатысты. Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев те құттықтау сөз сөйледі. Ол қызметкерлерді мемлекеттік кірістер органдарының құрылғанына 12 жыл толуымен құттықтап, мұндай іс-шаралардың ұжымдық рухты нығайтуда, өзара қарым-қатынасты дамытуда және біртұтас команда қалыптастырудағы маңыздылығын атап өтті. «Бүгін мұнда еліміздің барлық өңірінен қызметкерлер жиналды. Бұл – бәсекелестік рухты көрсетуге ғана емес, сонымен қатар біртұтас команда екенімізді сезінуге таптырмас мүмкіндік. Соңғы 12 жыл ішінде мемлекеттік кірістер органдары үлкен жолдан өтті, ал бүгінде біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр», – деп атап өтті Жандос Дүйсембиев. Спартакиаданың басты мақсаты – Мемлекеттік кірістер комитеті жүйесінде дене шынықтыру мен спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ командалық өзара іс-қимылды нығайту және ұжымдық бірлікті қалыптастыру. Жарыстар алты спорт түрі мен дисциплинаны қамтыды: футбол, шахмат, волейбол, үстел теннисі, Counter-Strike және Dota. Нәтижелер негізінде командалық жарыстардың жеңімпаздары мен үздік жеке ойыншылар анықталды. ⚽ Футбол I орын - МКК II орын - Түркестан облысы бойынша МКД III орын - Алматы қаласы бойынша МКД ♟ Шахмат I орын - МКК II орын - Шымкент қаласы бойынша МКД III орын - Жетісу облысы бойынша МКД 🏐 Волейбол I орын - «DSR Company» ЖШС II орын - Ақмола облысы бойынша МКД III орын - Алматы қаласы бойынша МКД 🏓 Үстел теннисі I орын – Шығыс Қазақстан облысы бойынша МКД II орын - МКК III орын - Ақтөбе облысы бойынша МКД 🎮 «Counter-Strike» I орын – Астана қаласы бойынша МКД II орын – Абай облысы бойынша МКД III орын – Алматы қаласы бойынша МКД 🎮 «Dota» I орын - Астана қаласы бойынша МКД II орын - Шымкент қаласы бойынша МКД III орын - Жетісу облысы бойынша МКД Командалық жалпы нәтижелер: I орын – МКК (2 алтын, 1 күміс) II орын – Астана (2 алтын) III орын – Шығыс Қазақстан облысы және DSRC (1 алтыннан)

    18 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Қазақстан мен Өзбекстан шекара арқылы тауарлардың қозғалысын жеңілдету бойынша халықаралық ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруда

    2026 жылғы 5–7 тамыз аралығында Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті, Өзбекстан Республикасы Кеден комитеті және Халықаралық сауда орталығы өкілдерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті. Сапар барысында тараптар екі мемлекет арасындағы «Үзіліссіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру процестері мен тетіктерін талқылады. «Үзіліссіз транзит» пилоттық жобасы серіктес елдердегі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік декларациялау процесін жеделдету мақсатында, серіктес елдерден келіп түскен экспорттық және транзиттік декларацияларды алдын ала ақпаратқа, содан кейін транзиттік декларацияға автоматты түрде түрлендіруді көздейді. «Үздіксіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру тауарлардың кедендік шекара арқылы қозғалысын азайтып, жеңілдетеді. Сонымен қатар, 2026 жылғы 7 тамызда Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің делегациясы Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің «Алтынкөл-Жол» кеден бекетіне барды. Сапар барысында көршілес елден келген әріптестер жүктердің шекара арқылы өту процесін – яғни елге кіру мен барлық рәсімдерді (соның ішінде іргелес ведомстволардың тексерулерін) аяқтаудан бастап шығуға дейінгі кезеңдерді – бақылап, мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің қатысуынсыз жүзеге асырылатын, «Алтынкөл – Брест-Солтүстік», «Алтынкөл – Сарыағаш» және «Алтынкөл – Құрық» бағыттары бойынша үшінші елдерге тікелей транзитпен жөнелтілетін контейнерлік пойыздарды кедендік декларациялаудың толық автоматтандырылған процесімен танысты. Тараптар «Үздіксіз транзит» пилоттық жобасын іске асыру бойынша тұрақты негізде консультациялар өткізуге келісті.

    5 тамыз 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    Астанада стратегиялық тауарлар саудасын бақылау жөніндегі халықаралық семинар өтуде

    2026 жылғы 20–23 шілде аралығында Астанада АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) қолдауымен Дүниежүзілік кеден ұйымы (ДКҰ) ұйымдастырған «Стратегиялық тауарлар саудасын бақылау (СТСБ)» тақырыбындағы халықаралық семинар өтуде. Семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарының қызметкерлері, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы Кеден комитетінің өкілдері қатысуда. Семинардың сарапшылары ретінде Дүниежүзілік кеден ұйымының өкілі Адам Вас және Әзербайжан Республикасы Кеден қызметінің өкілі Гюнай Юнусова-Гамидзада сөз сөйлеуде. Іс-шара аясында Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Жұмағұловтың АҚШ Мемлекеттік департаментінің Экспорттық бақылау және шекара қауіпсіздігі бағдарламасының (EXBS) басшысы Кристофер Тэйфпен кездесуі өтті. Тараптар экспорттық бақылау саласындағы ынтымақтастықтың келешегін, FECDEP бағдарламасы шеңберінде жүктер туралы электрондық деректер алмасуды дамыту мәселелерін, сондай-ақ кедендік әкімшілендіруге заманауи технологияларды енгізу бағыттарын талқылады. Семинар бағдарламасы кеден органдары мамандарының біліктілігін арттыруға бағытталған. Қатысушылар тәуекелдерді бағалаудың заманауи тәсілдерін, қос мақсаттағы тауарларды сәйкестендіруді, тарифтік емес реттеу шараларын қолдануды және стратегиялық тауарлар саудасын бақылаудың озық халықаралық тәжірибелерін зерделеуде. Аталған семинардың өткізілуі Қазақстанның экспорттық бақылаудың тиімді жүйесін дамытуға және халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бейілділігін айқындайды. Семинар барысында алынған білім мен практикалық тәжірибе кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіруге және стратегиялық тауарлардың қозғалысын бақылау тиімділігін арттыруға ықпал етеді.

    21 шілде 2026 ж.Тікелей
    ОтырысАяқталды

    «Жібек жолы» жаңғыртылған өткізу пункті өткізу қабілетін едәуір арттырады

    2026 жылдың 8 шілдесінде жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кіріс комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровпен бірге Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» өткізу пунктіне барды. Онда олар ЕАЭО сыртқы шекарасының Қазақстан-Өзбекстан учаскесіндегі ең ірі жолаушылар көлігі өткізу пунктін ауқымды қайта құру жұмыстарының барысын тексерді. Тексеру барысында жобаның қазіргі іске асыру кезеңі, құрылыс жұмыстарының қарқыны және 2026 жылдың қыркүйегінде пайдалануға берілуі жоспарланған нысанның дайындығы қарастырылды. Жаңғыртылатын өткізу пункті кедендік және шекаралық бақылауды жүргізу үшін заманауи жоғары технологиялық жабдықтармен жарақтандырылатын болады. Бүгінгі таңда объектіде халықаралық стандарттарды ескере отырып жобаланған «экспорт» және «импорт» бағытындағы екі бөлек жаңа жолаушылар терминалының құрылысы аяқталуда. Автобустар мен жеңіл көліктерге шекаралық және кедендік тексеру жүргізу үшін жалпы үлкен шатырды монтаждау, бейнебақылау жүйелерін орнату жүргізілуде. Объектіде тоқтаусыз екі ауысымық режимде 270 жұмысшы жұмыс атқаруда. Жаңғыртылудағы «Жібек Жолы» өткізу пунктінің жобалық қуаты тәулігіне 70 мың жеке тұлға мен 2 мың жеңіл автокөлік және 200 автобусты құрайды. Бұған дейін ескі өткізу пунктінің жобалық қуаты тәулігіне 17 мың жеке тұлғаны, 400 жеңіл автокөлікті және 20 автобусты құраған болатын. Инспекциялау және объектіде авторлық және техникалық қадағалау өкілдерінің қатысуымен өткізілген кеңестің қорытындысы бойынша құрылыстың мерзімдері мен сапасын бақылауды қамтамасыз ету және жобаны белгіленген мерзімде аяқтаудың барлық шараларын қабылдау тапсырылды.

    9 шілде 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Өзім жинаған және туыстарым сыйға тартқан зергерлік бұйымдарым бар. Оларды активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсетуім керек пе?

    Жауап

    Жеке тұлғаның қалауы бойынша көрсетіледі. Егер осы мүліктің бір бірлігінің бағасы (құны) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыстағы 1000 АЕК-тен асса және бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші ​​арасындағы шарт негізінде жүргізілген бағалау туралы есепте оның құны айқындалған болса, онда ол декларацияда «басқа» мүлік ретінде көрсетіледі.

    ·
    Сұрақ

    Активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсетілуі мүмкін қолма-қол ақшаның ең көп сомасы қандай?

    Жауап

    Қолма-қол ақша республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер декларациясы тапсырылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10 000 еселенген мөлшерінен аспайтын сомада көрсетіледі.

    ·
    Сұрақ

    Не себептен ДК немесе ЖШС қызметін тоқта алмайды?

    Жауап

    Қызметті тоқтату үшін қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қайта жолдауы қажет. Бұл ретте ақпараттық жүйелерде тиісті салық кезеңі үшін барлық міндетті салықтық есептіліктер табыс етілуі тиіс. Тарату есептілігінің болмауы қызметті тоқтатудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.

    ·
    Сұрақ

    Салық төлеушінің кабинетіне кіру кезінде неге «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі тіркелмеген» немесе «500 қатесі» шығады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қате браузерде деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты пайда болуы мүмкін екенін хабарлайды. МКК ақпараттық жүйелеріндегі деректер өзектендірілгеннен кейін браузер тарихын тазалап, Салық төлеуші кабинетіне қайта кіру қажет. Егер қате қайталанса, [email protected] мекенжайы бойынша Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінің Салық төлеуші кабинетін қолдау қызметіне хабарласу қажет.

    ·
    Сұрақ

    Тауарлардың кеден қоймасы кедендік рәсімінде болудың максималды мерзімі қандай?«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы керек. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс. Жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарлар жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн қалғаннан кешіктірілмей, өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс. Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарлар осы кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей, басқа кеден қоймасына қойылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы керек. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс. Жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарлар жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн қалғаннан кешіктірілмей, өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс. Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарлар осы кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей, басқа кеден қоймасына қойылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

    ·
    Сұрақ

    Тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімінің ең ұзақ мерзімі қандай?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 302-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап екі жылдан не осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды. Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай Комиссия уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың екі жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімін айқындауға құқылы.

    ·
    Бұйрық

    «Жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салық жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    БҰЙЫРАМЫН: Жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салық жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 16 қыркүйектегі № 500 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 36879 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін: бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: «Жеке тұлғалардың мүлкі мен көлік құралдарына салынатын салықтарды, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыны жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы»; 1 тармағы мынадай редакцияда жазылсын: «1. Қоса беріліп отырған Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын, сондай-ақ сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.»; Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұлғалардың мүлік және көлік құралдары салығын жинау бөлігінде салықтық әкімшілендіруді жетілдіру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру қағидалары мен мерзімдері осы бұйырыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Қаржы министрі М. Такиев

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды:
    Бұйрық

    «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдарының мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 665 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Фискалдық деректерді тіркеу және (немесе) операторлардың фискалдық деректер серверіне жіберу функциясы бар бақылау-кассалық машиналардан деректерді беру хаттамасы»

    «Фискалдық деректерді тіркеу және (немесе) операторлардың фискалдық деректер серверіне жіберу функциясы бар бақылау-кассалық машиналардан деректерді беру хаттамасы»

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің бірлескен алқасы (№51)

    № 51/3 Шешім 26 қыркүйек 2025 жыл. Душанбе Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес базальт матасын жіктеу туралы. № 51/4 Шешім 26 қыркүйек 2025 жыл. Душанбе Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес жемдік қоспаларды жіктеу туралы. № 51/5 Шешім 26 қыркүйек 2025 жыл. Душанбе Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес кремді десерттің (сүзбелі рожок) жіктелуі туралы. № 51/6 Шешім 26 қыркүйек 2025 жыл. Душанбе Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес шоколад өнімін жіктеу туралы. № 51/7 Шешім 26 қыркүйек 2025 жыл. Душанбе Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына сәйкес бүріккіштерді жіктеу туралы.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру

    Конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарландыру Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Саран қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының персоналды басқару қызметі конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін бағалаушыларды іріктеу туралы хабарлайды. Салықтық әкімшілендіру және өндіріп алу бөлімінің жетекші маманы, (СӘжӨАБ-2-5 категория С-R-5) , «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Саран қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы бағалаушыларды келесі бағыт бойынша іріктеуді жүргізеді: Мемлекеттік кірістер. Салық. Экономика. Менеджмент. Маркетинг. Мемлекеттік аудит. Құқық. Қаржы. Есеп және аудит. Мемлекеттік және жергілікті басқару. Бағалаушы ретінде конкурстарға қатысуға ниет білдірген тұлғалар eqyzmet.gov.kz интернет-порталында авторлануы тиіс. Бағалаушы - бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылыми салада кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар конкурстық комиссияның мүшесі, сондай-ақ персоналды басқару жөніндегі мамандар немесе басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері. Іріктеуге қатысу үшін өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 31 шілдесінен 2026 жылғы 3 тамызына дейін.

    Жарияланды: