
Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы
Жандос Жұмабайұлы Дүйсембиев 1979 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Рославль ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары: 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген. 2015 жылы "Алматы" университеті "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген. Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары: "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі" төсбелгісі - 12.08.2016 ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі - 15.11.2016 ж., «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі - 10.11.2020 ж., «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісі - 11.11.2021 ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі - 15.12.2021 ж., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» төсбелгісі - 14.08.2024 ж., ТМД – ға қатысушы кеден қызметтері басшылары кеңесінің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» төсбелгісі - 27.09.2024 ж., «Құрмет» Ордені - 27.12.2024 ж.































































































