Серғазиев Таңатар Аманжолұлы
ҚР ҚМ МКК Бақылау департаментінің Кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқармасы басшысының орынбасары
Өмірбаян
Білімі жоғары, Ақтөбедегі «Нұр» менеджмент, бизнес және құқық институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтады.
Еңбек қызметін 2001 жылы Ақтөбе облысы бойынша Кеден басқармасы кедендік режимдерді бақылау, тарифтік емес реттеу және экспорттық бақылау бөлімінің маманы лауазымында бастады. 2003-2008 жылдар кезеңінде Ақтөбе облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас маманы болып жұмыс атқарды.
2008 жылғы желтоқсанда ҚР ҚМ КБК Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бас маманы лауазымына тағайындалды. 2014-2018 жылдар кезеңінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Кедендік әдіснама департаментінің бас сарапшысы лауазымында жұмыс істеді.
2018 жылғы желтоқсаннан бастап ҚР ҚМ МКК Бақылау департаменті Кедендік рәсімдерді әкімшілендіру және тазарту басқармасы басшысының орынбасары лауазымын атқарып келеді.



