
Дуйсембиев Жандос Жумабаевич
"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Бас диспетчерлік басқармасы" республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы
Өмірбаян
Туылған күні: 1979 жылы, 16 қыркүйек.
Туылған жері: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Рославль ауылы.
Білімі, мамандығы:
- 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясы, мамандығы "қаржы және несие";
- 2015 жылы "Алматы" университеті, мамандығы "Құқықтану".
Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің маман-салық инспекторы болып бастаған.
2006 жылы желтоқсан айынан 2009 жылы қазан айына дейін - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің басшысы.
2009 жылы қазан айынан 2010 жылы сәуір айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының басшысы.
2010 жылы сәуір айынан 2012 жылы желтоқсан айына дейін - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.
2012 жылы желтоқсан айынан 2013 жылы шілде айына - Алматы қаласы бойынша салық департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.
2013 жылы шілде айынан 2013 жылы тамыз айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.
2013 жылы тамыз айынан 2014 жылы наурыз айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының №5 аудит бөлімінің басшысы.
2014 жылдан 2015 жылдың ақпан айына дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы.
2015 жылы ақпан айынан 2016 жылы желтоқсан айына дейін - Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.
2016 жылы желтоқсан айынан 2017 жылы мамыр айына дейін - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.
2017 жылы мамыр айынан 2019 жылы сәуір айына дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы.
2019 жылы сәуір айынан 2022 жылы қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің директоры, Нұр-сұлтан қ.
2022 жылы қаңтар айынан 2022 жылы маусым айынан дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық декларациялау департаментінің директоры қызметін атқарды, Нұр-сұлтан қ.
2022 жылы маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы" РММ басшысы лауазымын атқарады, Астана қ