
Жұмағұлов Қайрат Кәрімұлы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары
Өмірбаян
Ақмола облысының Целиноград қаласында 1970 жылғы 20 қыркүйекте дүниеге келді.
Білімі жоғары: 1992 жылы Целиноград инженерлі-құрылыс институтын «Ауылшаруашылық құрылысы» және 2006 жылы Қазақстан-Ресей университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірді.
Мерекелік медалдарімен марапатталған. Мерекелік медалдарімен марапатталған. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтой медалі - 10.11.2011 ж., «Қазақстан полициясына 20 жыл» төсбелгесі - 23.06.2012 ж., «Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі» төсбелгісі - 04.08.2016 ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі - 29.11.2016 ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі - 05.12.2016 ж., «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісі, - 11.11.2021 ж., «Құрмет» Ордені - 02.12.2021 ж., «Теңгеге 30 жыл» мерекелік медалі - 02.11.2023 ж., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» төсбелгісі - 01.08.2024 ж., Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден қызметтері басшылары кеңесінің "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің құрметті кеденшісі" төсбелгісі - 15.11.2024 ж.,
Мансап
• 1992 жылы «Актас-Сервис» ПКФ менеджері ретінде қызмет етуден бастады.
• 1996 жылдың сәуірінен 1998 жылдың қарашасына дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер министрлігінің Кедендік комитеті Ақмола облысы бойынша Кедендік басқармасы жолаушылық бөлімінің инспекторы, бас инспекторының міндеттерін атқарушы қызметтерін атқарды.
• 1998 жылдың қарашасынан 2000 жылдың мамырына дейін Астана қаласы бойынша Бас кедендік басқармасы «Әуежай» кедендік бекетінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
• 2000 жылдың мамырынан 2002 жылдың қазанына дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Бас кедендік басқармасы «Жаңажол» кедендік бекетінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
• 2002 жылдың қазанынан 2007 жылдың қыркүйегіне дейін Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының орынбасары лауазымында атқарды.
• 2007 жылдың қыркүйегінен 2007 жылдың қазанына дейін «Астана жаңа қала» кедені кедендік бақылауды ұйымдастыру бөлімінің аға маманы қызметін атқарды.
• 2007 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының кеден органынан өз еркімен жұмыстан босатылды.
• 2008 жылдың сәуірінен 2009 жылдың наурызына дейін «Мастер DentKA» ЖШС менеджері қызметін атқарды.
• 2009 жылдың сәуірінен бастап 2010 жылдың наурызына дейін Қостанай облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Әулиекөл» кеден бекетінің аға маманы лауазымында қызметін атқарды.
• 2010 жылғы наурыздан сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қарамағында болды.
• 2010 жылдың сәуірінен 2011 жылдың мамырына дейін Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің халықаралық әуерейстерді ресімдеу бөлімшесінің аға маманы, бас маманы лауазымдарын атқарды.
• 2011 жылдың мамырынан 2011 жылдың маусымына дейін Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті «Әуежай-Астана» кедендік бекетінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
• 2011 жылдың маусымынан 2012 жылдың сәуіріне дейін Астана қаласы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының уақытша міндеттерін атқарушы лауазымында қызмет атқарды.
• 2012 жылдың сәуірінен 2012 жылдың тамызына дейін Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы лауазымында қызмет атқарды.
• 2012 жылдың тамызынан 2014 жылдың қарашасына дейін Жамбыл облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті бастығының міндеттерін уақытша атқарушысы, бастығы лауазымдарында атқарды.
• 2014 жылдың қарашасынан 2015 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
• 2015 жылдың сәуірінен 2019 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарды.
• 2019 жылдың қазанынан 2020 жылдың маусымына дейін Қазақстан Республикасының Қаржы министірлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет атқарып келеді.
• 2020 жылғы 4 маусымнан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары.




