Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

    Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлы
    Председатель Комитета

    Дүйсембиев Жандос Жұмабайұлы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы

    Өмірбаян

    Жандос Жұмабайұлы Дүйсембиев 1979 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы Рославль ауылында дүниеге келген.

    Білімі жоғары: 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясын "Қаржы және несие" мамандығы бойынша бітірген.

    2015 жылы "Алматы" университеті "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары: "Мемлекеттік кірістер органдарының үздігі" төсбелгісі - 12.08.2016 ж., «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтой медалі - 15.11.2016 ж., «Қаржы қызметінің үздігі» төс белгісі - 10.11.2020 ж., «Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне 100 жыл» естелік төсбелгісі - 11.11.2021 ж., «Ерен еңбегі үшін» медалі - 15.12.2021 ж., «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» төсбелгісі - 14.08.2024 ж., ТМД – ға қатысушы кеден қызметтері басшылары кеңесінің «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің кедендік ынтымақтастығын нығайтқаны үшін» төсбелгісі - 27.09.2024 ж., «Құрмет» Ордені - 27.12.2024 ж.

    Еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің маман-салық инспекторы болып бастаған.

    2006 жылы желтоқсан айынан 2009 жылы қазан айына дейін - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Салық комитетінің өндіріп алу бөлімінің басшысы.

    2009 жылы қазан айынан 2010 жылы сәуір айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаментінің мәжбүрлеп өндіріп алу басқармасының басшысы.

    2010 жылы сәуір айынан 2012 жылы желтоқсан айына дейін - Алматы қаласы Бостандық ауданы бойынша салық басқармасы басшысының орынбасары.

    2012 жылы желтоқсан айынан 2013 жылы шілде айына - Алматы қаласы бойынша салық департаменті акциздерді әкімшілендіру басқармасының басшысы.

    2013 жылы шілде айынан 2013 жылы тамыз айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің басшысы.

    2013 жылы тамыз айынан 2014 жылы наурыз айына дейін - Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының №5 аудит бөлімінің басшысы.

    2014 жылдан 2015 жылдың ақпан айына дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің берешекпен жұмыс басқармасының басшысы.

    2015 жылы ақпан айынан 2016 жылы желтоқсан айына дейін - Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы.

    2016 жылы желтоқсан айынан 2017 жылы мамыр айына дейін - Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары.

    2017 жылы мамыр айынан 2019 жылы сәуір айына дейін - Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Ұйымдастыру-қаржы басқармасының басшысы.

    2019 жылы сәуір айынан 2022 жылы қаңтар айына дейін - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің аудит департаментінің директоры, Нұр-сұлтан қ.

    2022 жылы қаңтар айынан 2022 жылы маусым айынан дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің электрондық декларациялау департаментінің директоры қызметін атқарды, Нұр-сұлтан қ.

    2022 жылы маусым айынан бастап 2023 жылдың қыркүйек айына дейін "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің бас диспетчерлік басқармасы" РММ басшысы лауазымын атқарды, Астана қ.

    2023 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Төраға лауазымын атқарады, Астана қ.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері