Сүлейменов Әнуар Айдарұлы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

    Сүлейменов Әнуар Айдарұлы
    Заместитель Председателя

    Сүлейменов Әнуар Айдарұлы

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары

    Өмірбаян

    Сүлейменов Әнуар Айдарұлы

    Әнуар Айдарұлы Сүлейменов 1985 жылы Талдықорған қаласында, Талдықорған облысында дүниеге келген.

    Жоғары білімі. 2008 жылы Жолдасбеков атындағы Экономика және құқық академиясын "Қаржы" мамандығы бойынша бітірді, 2017 жылы Тұран университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

    Еңбек жолы

    Еңбек жолын 2008 жылдың қарашасынан 2010 жылдың шілдесіне дейін Алматы облысы бойынша Салық комитетінің маманы, жетекші маманы – жетекші салық инспекторы, бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

    2010 жылғы шілдеден 2010 жылғы қарашаға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің жетекші маманы-жетекші салық инспекторы, бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді

    2010 жылғы қарашадан 2011 жылғы тамызға дейін Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша Салық басқармасының заңды тұлғалардың салық аудиті бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді

    2011 жылғы тамыздан 2012 жылғы қаңтарға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті ҚҚС басқармасының бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді.

    2012 жылғы қаңтардан 2013 жылғы қаңтарға дейін Алматы қаласы бойынша Салық департаменті салық аудиті басқармасының заңды тұлғалар аудиті бөлімінің бас маманы-бас салық инспекторы болып жұмыс істеді

    2013 жылдың қаңтарынан 2013 жылдың маусымына дейін Алматы қаласы бойынша Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының талдау және есепке алу бөлімінің бас маманы-бас инспекторы болып жұмыс істеді

    2013 жылғы маусымнан 2014 жылғы наурызға дейін Алматы қаласы бойынша Бостандық ауданы бойынша салық басқармасының жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің жетекші маманы-жетекші салық инспекторы болып жұмыс істеді

    2014 жылғы наурыздан 2014 жылғы желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Бостандық ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының заңды тұлғаларды әкімшілендіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді

    2014 жылғы желтоқсаннан 2015 жылғы желтоқсанға дейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бөлім басшысы қызметін атқарды.

    2015 жылғы сәуірден желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті камералдық бақылау басқармасының № 1 камералдық бақылау бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді

    2015 жылғы желтоқсаннан 2016 жылғы шілдеге дейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    2016 жылдың тамызынан 2017 жылдың мамырына дейін Алматы қаласы "ФСДС" ЖШС Қаржы бақылаушысы болып жұмыс істеді.

    2017 жылдың маусымынан 2019 жылдың маусымына дейін Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бас маманы қызметін атқарды.

    2019 жылғы маусымнан 2021 жылғы қаңтарға дейін Мемлекеттік кірістер комитеті бақылау департаментінің қашықтықтан мониторинг басқармасының басшысы қызметін атқарды.

    2021 жылдың ақпанынан 2021 жылдың тамызына дейін Мемлекеттік кірістер комитетінің Әкімшілік департаментінің директоры қызметін атқарды.

    2021 жылғы тамыздан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ірі салық төлеушілер департаментінің директоры лауазымына тағайындалды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері