Есеп беру кезінде біз қажетті деректерді көрсеттік, бірақ келесі мәселеге тап болдық: 300.00.025 жолы бойынша зачетқа алуға рұқсат етілген ҚҚС сомасы белсенді емес пе?

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

    Сұрақ

    Есеп беру кезінде біз қажетті деректерді көрсеттік, бірақ келесі мәселеге тап болдық: 300.00.025 жолы бойынша зачетқа алуға рұқсат етілген ҚҚС сомасы белсенді емес пе?

    Жауап

    300.00.025 және 300.00.026 жолдары — автоматты түрде немесе қолмен, түзету мүмкіндігімен, бұл ретте, толтырудың бұл схемасы форматтық-логикалық бақылаудың техникалық іске асырылуына сәйкес келеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Дара кәсіпкер ТБЖ-ға 30 АЕК базалық шегерімді қолдануға құқылы ма? Қай жолда (тно 220.00) көрсету керек?

    Жауап

    Салық кодексінің 401-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалардың жеке салықтық шегерімдері айқындалған. Салық кодексінің 403-бабына сәйкес базалық салықтық шегерім тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 ес...

    Сұрақ

    2026 жыл үшін 220.00-СЕН нысанында жеке кәсіпкердің 10% және 15% прогрессивті мөлшерлемелерді қолдану кезінде жеке табыс салығын есептеу қалай көрсетіледі: салық салынатын табыстың қандай бөлігіне 10% мөлшерлемесі, ал қандай бөлігіне 15% мөлшерлемесі қолданылады және жеке табыс салығының сомасы декларацияда қалай көрсетіледі?

    Жауап

    Салық кодексінің 363-бабының 4) тармақшасына сәйкес

    Сұрақ

    Өзім жинаған және туыстарым сыйға тартқан зергерлік бұйымдарым бар. Оларды активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсетуім керек пе?

    Жауап

    Жеке тұлғаның қалауы бойынша көрсетіледі. Егер осы мүліктің бір бірлігінің бағасы (құны) есепті салық кезеңінің 31 желтоқсанында қолданыстағы 1000 АЕК-тен асса және бағалау қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалаушы мен салық төлеуші ​​арасындағы шарт н...

    Сұрақ

    Активтер мен міндеттемелер декларациясында көрсетілуі мүмкін қолма-қол ақшаның ең көп сомасы қандай?

    Жауап

    Қолма-қол ақша республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген және жеке тұлғаның активтер мен міндеттемелер декларациясы тапсырылған жылдың алдындағы жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша қолданыста болатын ең төменгі айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 10 000 еселенген мөлшеріне...

    Сұрақ

    Не себептен ДК немесе ЖШС қызметін тоқта алмайды?

    Жауап

    Қызметті тоқтату үшін қызметті тоқтату туралы салықтық өтінішті қайта жолдауы қажет. Бұл ретте ақпараттық жүйелерде тиісті салық кезеңі үшін барлық міндетті салықтық есептіліктер табыс етілуі тиіс. Тарату есептілігінің болмауы қызметті тоқтатудан бас тартуға себеп болуы мүмкін.

    Сұрақ

    Салық төлеушінің кабинетіне кіру кезінде неге «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі тіркелмеген» немесе «500 қатесі» шығады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қате браузерде деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты пайда болуы мүмкін екенін хабарлайды. МКК ақпараттық жүйелеріндегі деректер өзектендірілгеннен кейін браузер тарихын тазалап, Салық төлеуші кабинет...

    Сұрақ

    Тауарлардың кеден қоймасы кедендік рәсімінде болудың максималды мерзімі қандай?«Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күннен бастап үш жылдан аспауы керек. Кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар осы баптың 1-тармағында көзделген мерзім өткенге дейін осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс. Жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі шектеулі тауарлар жарамдылық және (немесе) өткізу мерзімі өткенге дейін күнтізбелік бір жүз сексен күн қалғаннан кешіктірілмей, өзге кедендік рәсіммен орналастырылуға тиіс. Кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған жағдайда, кеден қоймасы кедендік рәсімімен орналастырылған және осындай кеден қоймасындағы тауарлар осы кеден қоймасының жұмыс істеуі тоқтатылған күннен кейінгі күннен бастап күнтізбелік алпыс күннен кешіктірілмей, басқа кеден қоймасына қойылуға не осы Кодексте көзделген кедендік рәсімдермен орналастырылуға не осы Кодекстің 41-тарауына сәйкес керек-жарақтар ретінде шығарылуға тиіс.

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 237-бабына сәйкес кеден қоймасы кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі осы баптың 3 және 4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды осындай кедендік рәсіммен орналастырған күнне...

    Сұрақ

    Тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімінің ең ұзақ мерзімі қандай?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 302-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап е...