Тауарларды уақытша әкелу кедендік рәсімінің ең ұзақ мерзімі қандай?
- «Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 302-бабының 1 және 2-тармақтарына сәйкес уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімінің қолданылу мерзімі тауарлар уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімімен орналастырылған күннен бастап екі жылдан не осы баптың 2-тармағына сәйкес Комиссия айқындаған мерзімнен аспайды.
- Тауарлардың жекелеген санаттары үшін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу мақсатына қарай Комиссия уақытша әкелу (рұқсат беру) кедендік рәсімін қолданудың екі жылға қарағанда неғұрлым қысқа немесе неғұрлым ұзақ мерзімін айқындауға құқылы.