Салық төлеушінің кабинетіне кіру кезінде неге «Бизнес-сәйкестендіру нөмірі тіркелмеген» немесе «500 қатесі» шығады?
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қате браузерде деректердің дұрыс көрсетілмеуіне байланысты пайда болуы мүмкін екенін хабарлайды. МКК ақпараттық жүйелеріндегі деректер өзектендірілгеннен кейін браузер тарихын тазалап, Салық төлеуші кабинетіне қайта кіру қажет.
Егер қате қайталанса, [email protected] мекенжайы бойынша Салықтық әкімшілендірудің ақпараттық жүйесінің Салық төлеуші кабинетін қолдау қызметіне хабарласу қажет.