Дара кәсіпкер ТБЖ-ға 30 АЕК базалық шегерімді қолдануға құқылы ма? Қай жолда (тно 220.00) көрсету керек?
Салық кодексінің 401-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жеке тұлғалардың жеке салықтық шегерімдері айқындалған.
Салық кодексінің 403-бабына сәйкес базалық салықтық шегерім тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 30 еселенген мөлшерін құрайды және әрбір күнтізбелік ай үшін қолданылады. Күнтізбелік жыл үшін базалық салықтық шегерімнің жалпы сомасы тиісті қаржы жылының 1 қаңтарындағы жағдай бойынша қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 360 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
220.00-СЕН нысанының 220.01.054 II-жолында Салық кодексінің 403-бабында көзделген базалық салықтық шегерімнің сомасы көрсетіледі