11-сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру мақсатында мемлекеттік қызметтің негіздері, оның міндеттері мен қоғам өміріндегі маңызы туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында оқушылар мемлекеттік қызметшілердің қызметі, заңдылық, адалдық, жауапкершілік және халықтың мүддесіне қызмет ету қағидаттары туралы түсінік алды.
Сондай-ақ кәсіби даму, мемлекеттік қызметте мансап құру мүмкіндіктері және Қазақстанның дамуына жастардың қосатын үлесі мәселелеріне ерекше назар аударылды.
✨ Мемлекеттік қызмет — өз білімің мен қабілетіңді жүзеге асырып, еліңнің болашағына үлес қосудың мүмкіндігі!
#МемлекеттікҚызмет #КәсібиБағдар #ҚазақстанЖастары #ЕлБолашағы #АдалдықЖауапкершілік









