Мекенжайлық тексерулер мен күшейтілген патрульдік бақылау: Абай облысының полициясы зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алуда

    Абай облысында «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері зорлық-зомбылық қылмыстарының алдын алу жұмыстарын күшейтті. Әсіресе алкогольдік ішімдіктерді шамадан тыс тұтынудан туындайтын жанжалдардың алдын алуға баса назар аударылуда.

    2026 жылдың басынан бері 455 адамға алкогольдік ішімдіктерді тұтынуға тыйым салатын ерекше талаптар қойылды. 314 адам мәжбүрлі емдеуге жіберілді. Қоғамдық орындарда алкогольдік ішімдіктерді тұтынғаны үшін
    8 858 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Ұсталған азаматтарды уақытша бейімдеу және алкогольден арылту мақсатында аудан орталықтарындағы ауруханалар жанынан 16 палата ашылды.

    Сонымен қатар алкоголь өнімдерін заңсыз сатудың жолын кесу жұмыстары жүргізілуде. Анықталған құқық бұзушылықтар бойынша 455 әкімшілік хаттама толтырылып, 143 жағдайда лицензиядан айыру шарасы қолданылды.

    Кешкі және түнгі уақытта патрульдік бақылау күшейтілді. Жұма және сенбі күндері рейдтер өткізіліп, есепте тұрған адамдар тексеріледі. Сондай-ақ ерекше назар аударуды қажет ететін аумақтарда мекенжайлық тексерулер жүргізіледі.

    Бұл шаралар тұрмыстық жанжалдардың ауыр зардаптарға ұласуына жол бермей, қауіпті жағдайларды дер кезінде анықтауға және олардың алдын алуға бағытталған.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары