1 / 4
Елордалық ТЖД қызметкерлері республикалық телеарналар арқылы тұрғындарды өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға шақыруда. Құтқарушылар жеке тұрғын үйлерді аралап, әлеуметтік осал топтағы отбасылар мен зейнеткерлердің үйлеріне улы газды анықтайтын датчиктер орнатуда. Сонымен қатар тұрғындарға жылыту құралдарын қауіпсіз пайдалану және өрттің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Профилактикалық шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында да кеңінен жарияланып, тұрғындардың қауіпсіздік талаптарын сақтауына назар аударылуда. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.








