Қажет жерлерде патрульдік бақылау: Абай облысының полициясы түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті күзетуді күшейтті

    Абай облысында құқық бұзушылықтардың уақыты мен орындарын ескере отырып, патрульдік қызметті ұйымдастыру тәртібі қайта қаралды. Кешкі және түнгі уақытта, құқық бұзушылықтар жиі орын алатын учаскелерде және азаматтар көп жиналатын орындарда полиция қызметкерлерінің қатысуы күшейтілді.

    2026 жылдың басынан бері бұзақылықтың 20 дерегі тіркелген. Өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 28 деректі құраған. Осылайша, құқық бұзушылықтар саны 28,6%-ға төмендеді. Сонымен қатар бұзақылықтың ауыр түрлерінің алдын алуға ерекше назар аударылуда.

    Талдау нәтижелері мұндай оқиғалардың басым бөлігі кешкі және түнгі уақытта орын алатынын көрсетті. Осыған байланысты патрульдік жасақтарды орналастыру кезінде сағат 19:00-ден таңғы 05:00-ге дейінгі уақыт аралығына басымдық берілді.

    Патрульдік бағыттарды икемді ұйымдастыру жүйесі енгізілді. Жедел жағдайға қарай экипаждардың орналасу орындары өзгертіліп отырады. Сондай-ақ патрульдік жасақтардың кезекші бөлімдермен өзара іс-қимылы күшейтілді. Бұл араласуды қажет ететін учаскелерге полиция қызметкерлерін жедел бағыттауға мүмкіндік береді.

    Бұзақылықтың әрбір ауыр дерегі бойынша оқиғаның мән-жайы талданып, соның нәтижесінде патрульдік бағыттар мен жасақтардың орналасу тәртібі түзетіледі. Бұл тұрғындар үшін қауіп-қатер деңгейі жоғары аумақтарға күштер мен құралдарды шоғырландыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары