«Қауіпсіз үй»: Абай облысында 609 мекенжай тексеріліп, 164 қауіп факторы жойылды

    5 қазанда басталған «Қауіпсіз үй» профилактикалық іс-шарасы аясында Абай облысының полицейлері ерекше назар аударуды қажет ететін 609 мекенжайды тексеріп, 164 қауіп факторын жойды және тұрғындардың 82 ұсынысын қарастырды.

    Полиция қызметкерлері тұрғындардың тұрмыс жағдайын бағалап, отбасылық жанжалдардың себептерін анықтайды. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, отбасыларға нақты көмек көрсетеді.

    Бесқарағай ауданында кәмелетке толмаған балалары бар отбасына оқу құралдарын сатып алуға көмектесті. Тағы бір отбасына ауылдық округ әкімдігі мен «Семей орманы» филиалының қолдауымен қысқа қажетті отын жеткізілді. Канонерка ауылында тұрғынға уақытша жұмыс табуға жәрдемдессе, Долонь ауылында бір тұрғынға қажетті құжаттарды рәсімдеуге көмектесті.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға ерекше назар аударылып отыр. Көкпекті ауданында отбасылық жанжалдарға байланысты фактілер бойынша қорғау нұсқамасы шығарылды. Ал басқа бір жағдайда сот құқық бұзушының мінез-құлқына ерекше талаптар белгіледі.

    Полицейлер сондай-ақ 2,5 мыңнан астам тұрғынның қатысуымен 160 кездесу өткізді. QR-кодтар мен жергілікті қауымдастықтардың чаттары арқылы азаматтар көшелердегі жарықтандыру мәселелері, қараусыз жүрген жануарлар және аулалардың қауіпсіздігі туралы хабарлады. Барлық өтініш қарастырылып, басқа қызметтердің қатысуын қажет ететін мәселелер әкімдіктер мен ветеринариялық бөлімшелерге жолданды.

    Тұрғындарға полицияға жүгіну тәртібі, сондай-ақ қауіп-қатер төнген және отбасылық жанжал туындаған жағдайда қолданылатын қорғану шаралары түсіндірілді.

    Профилактикалық жұмыстар жалғасуда. Оның басты мақсаты — қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау, отбасыларға көмек көрсету және құқық бұзушылықтардың алдын алу.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Абай облысының Полиция департаменті" жаңалықтары