Республика күніне орай Астана қаласы әкімдігінің басқармалары мен оларға қарасты мекеме қызметкерлерінің арасында футболдан турнир өтті.
Бұл спорттық шараның негізгі мақсаты – мемлекеттік мекемелер арасындағы ынтымақтастық пен достықты арттыру, сонымен қатар салауатты өмір салтын дәріптеу және қызметкерлердің белсенді демалысын ұйымдастыру.
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы мен Сарыарқа, Есіл ауданы әкімінің аппараты жәнеде «AstanaInvest» ҚИДО», «Astana» ӘКК АҚ, «Астана даму орталығы» ЖШС бірлесіп, ортақ команда құрды. Оның құрамында Олжас Әубәкір, Дархан Отызбаев, Нұрбол Ахметов, Темірлан Оразғали, Дархан Ғабдулла, Темирлан Кунанбаев, Альнияз Токкужинов, Дінмұхамед Букеев сынды қызметкерлер өз шеберліктерін көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
3 орын – Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының командасы
2 орын – Астана қаласының Энергетика басқармасының командасы
1 орын – Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы.
Турнирдің «Үздік ойыншысы» Дархан Ғабдулла ал «Үздік қақпашы» Альнияз Токкужинов атанды.
Барлық қатысушыларға естелік медальдар, дипломдар және бағалы сыйлықтар табысталды. Турнир жоғары деңгейде ұйымдастырылып, достық пен әділ бәсекенің үлгісіне айналды.








