Шайбалы хоккейден аруларымыз үшінші мәрте Азия чемпионатына қатысады

    15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында шайбалы хоккейден әйелдер арасындағы үшінші Азия чемпионаты өтеді.

    Қазақстан құрамасы сары құрлық бәсекесінде айналмалы жүйе бойынша Жапония, Қытай және Оңтүстік Кореямен мұз айдынында жолығады.

    Александр Тебеньков баптайтын Қазақстан құрамасының турнирге қатысатын ойыншыларының тізімі:

    Қақпашылар: Вероника Агеева, Арина Щеколова (екеуі де «Томирис»), Полина Говтва («Алматы»).

    Қорғаушылар: Юлия Буторина, Александра Воронова, Дария Молдабай (барлығы «Томирис»), Катрин Мескини, Полина Яковлева (екеуі де «Торпедо»), Аида Олжабаева, Анна Пяткова (екеуі де «Алматы»), Мадина Тұрсынова («Айсұлу»).

    Шабуылшылар: Малика Алдабергенова, Пернеш Ашимова, Елизавета Дюндина, София Зубкова, Лариса Свиридова (барлығы «Алматы»), Дильназ Саяхатқызы, Мунира Саяхатқызы (екеуі де «Торпедо»), Екатерина Куценко, София Муравьева, Мадианна Нусупова, Анастасия Оразбаева, Александра Шегай (барлығы «Томирис»).

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары