«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында біздің «Амбассадоры Земли» студенттік клубымыз экологиялық акцияға қатысып, Астанадағы № 118 мектептің аумағына ағаш отырғызды.
ЕҰУ студенттерінің атынан сөз сөйлеп, жастарымыздың қоршаған ортаны қорғау мен қаланың болашағы үшін жауапкершілік алуға дайын екенін көрсету мен үшін үлкен мәртебе болды. Мұндай бастамаларды жүзеге асыруда сенімді серіктестердің қолдауы ерекше маңызды.
Іс-шара Еуразиялық банктің қолдауымен өтті. Бізбен бірге осы игі іске атсалысқан құрметті қонақтарымыз бен спикерлерімізге шынайы алғысымды білдіремін:
- Еуразиялық банктің Астана қаласындағы филиалының басқарушы директоры Асия Кулдыбаеваға;
- Еуразиялық банктің стратегиялық коммуникациялар және маркетинг жөніндегі директоры Лариса Коковинецке;
- Астана қаласы әкімдігінің Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының кәсіпкерлікті дамыту бөлімінің басшысы Шухрат Жораевқа.
Студенттер, мемлекет өкілдері және әлеуметтік жауапты бизнес күш біріктіргенде, Қазақстанымыздың тазарып, жасыл желекке бөленуіне бірге үлес қосамыз!
Акцияға қатысып, елорданы көгалдандыруға атсалысқан баршаңызға рақмет!









