
Қарасай ауданында Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департамент басшысының орынбасары мен №2 Медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімінің қызметкерлері, Қарасай ауданының әкімі Естенов Жасұлан Тоққожаұлы және «Әділет» партиясының өкілдерімен бірлесіп, азаматтарды қабылдау өткізді.
Қабылдау барысында аудан тұрғындары мүгедектікті белгілеу, медициналық-әлеуметтік сараптамадан өту тәртібі, қайта куәландыру және басқа да әлеуметтік мәселелер бойынша өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.
Департамент және №2 МӘС бөлімінің қызметкерлері азаматтардың әрбір өтінішін жеке қарастырып, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес толық жауаптар мен қажетті түсіндірмелер берді.
Кездесу барысында азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін сақтау, мемлекеттік қызметтердің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету және халықпен тиімді кері байланысты нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Мұндай кездесулер азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мүгедектікті белгілеу мәселелері бойынша қажетті ақпарат алуға және халық пен мемлекеттік органдар арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға мүмкіндік береді.








