Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі «Қонаев қаласының күндізгі болу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барып, профилактикалық бақылау жүргізуде.
Бақылау іс – шарасының мақсаты – Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарының сақталуын бағалау, сондай – ақ көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасы мен көлемін тексеру.
Бақылау барысында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарты талаптарының сақталуы, әлеуметтік – тұрмыстық, әлеуметтік –педагогикалық, әлеуметтік – психологиялық, әлеуметтік – медициналық және басқа да қызмет түрлерін ұйымдастыру, қажетті құжаттаманың жүргізілуі, сондай – ақ қызмет алушылардың болуы үшін тиісті әрі қауіпсіз жағдайлардың жасалуы зерделенеді.
Қызмет алушылардың құқықтарының сақталуына, олардың қажеттіліктерін ескере отырып, жеке тәсілдің қолданылуына және қолжетімді әрі қолайлы ортаның қалыптастырылуына ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, Департамент мамандары мекеме басшылығы мен қызметкерлеріне заңнама талаптары мен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын сақтау, сондай – ақ ықтимал бұзушылықтардың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.
Профилактикалық бақылау қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, оларды жою туралы заңнамада белгіленген тәртіппен тиісті нұсқама енгізіледі.
Жүргізіліп жатқан жұмыс бұзушылықтардың алдын алуға, арнаулы әлеуметтік қызметтердің сапасын арттыруға және әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтарға лайықты қызмет көрсету жағдайларын қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









