2026 жылғы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті Алатау қаласында Халыққа арналған цифрлық кеңсесінде «Ашық есік күні» іс-шарасын өткізді.
Іс-шараға департаменттің № 3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Альмуханова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Алматы облысы бойынша филиалының және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Алатау қаласында бөлімінің өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында мамандар зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру салалары бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындарға қолданыстағы заңнама аясында түсініктемелер берді.
Кездесу барысында аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың барлығына спикерлер жан-жақты жауап беріп, тиісті кеңестер ұсынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









