2027 жылы білім беру ұйымдарына жүргізілетін мемлекеттік аттестаттауға дайындық

    1 / 2

    ✅ Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілі Б.Раимбекова Катонқарағай ауданының 2027 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін білім беру ұйымдарының директорларымен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын өткізді. Түсіндірме жұмыстары барысында мемлекеттік аттестаттаудың негізгі талаптары, білім беру сапасы, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, кадрлық қамтамасыз ету және материалдық-техникалық база мәселелері түсіндірілді. Сонымен қатар, басшыларға аттестаттауға дайындық кезінде назар аударуы қажет негізгі бағыттар таныстырылып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары