1 / 3
✅ Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Жұмабекова Салтанат Мырзабекқызы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесіп, Өскемен қаласының білім бөлімі және қаланың мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларына арналған түсіндіру жұмыстарын өткізді. Қатысушыларға №473 бұйрық талаптарына қатысты түсіндірмелер беріліп, туындаған сұрақтарына жауаптар ұсынылды. Сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау рәсіміне сапалы дайындау бойынша ұсынымдар берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың лицензиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз ету және алдағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру бойынша ұсынымдар ұсынылды.









