Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын лицензиялау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары

    ✅ Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің қызметкері Жұмабекова Салтанат Мырзабекқызы Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен Зайсан, Катонқарағай, Күршім, Алтай, Самар, Шемонаиха аудандары мен Өскемен қаласының білім бөлімдерінің өкілдері және мектепке дейінгі ұйымдардың басшыларына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау тәртібі, лицензия алуға қойылатын негізгі талаптар мен шарттар, сондай-ақ қажетті құжаттарды рәсімдеу және ұсыну мәселелері қарастырылды. Қатысушыларға № 473 (өзгертілген №268) бұйрықтың талаптары бойынша жан-жақты түсіндірме беріліп, қойылған сұрақтарға жауаптар ұсынылды. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдарды лицензиялау рәсіміне сапалы дайындау, лицензиялық талаптар мен шарттардың сақталуын қамтамасыз ету бойынша тиісті ұсынымдар берілді. Іс-шара қорытындысы бойынша алдағы жұмыстарды жүйелі түрде ұйымдастыру және лицензиялау рәсіміне дайындықты қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар айтылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары