Шығыс Қазақстан облысында білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттауға дайындық жұмыстары жүргізілуде

    1 / 2

    ✅ Департамент өкілі Б. Раимбекова 2027 жылы мемлекеттік аттестаттаудан өтетін Ұлан ауданы бойынша 9 мектептің басшыларымен түсіндіру кездесуін өткізді. Кездесу барысында мемлекеттік аттестаттауды өткізу тәртібі мен негізгі талаптары, білім сапасын бағалау өлшемшарттары, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, кадрлық қамтамасыз ету және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері қарастырылды. Сонымен қатар мектептердің құжаттамаларын алдын ала дайындау, білім беру ұйымы қызметіне ішкі талдау жүргізу және анықталуы мүмкін кемшіліктерді уақытылы жою қажеттілігіне ерекше назар аударылды. Мұндай кездесулер мектептердің алдағы мемлекеттік аттестаттауға дайындығын арттыруға, білім беру саласындағы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге және көрсетілетін білім беру қызметтерінің сапасын жақсартуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті" жаңалықтары