✅ Шығыс Қазақстан облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілі Жұмабекова Салтанат Мырзабекқызы Шығыс Қазақстан облысының Білім басқармасымен бірлесіп, Шемонаиха, Ұлан, Глубокое және Алтай аудандарының мектепке дейінгі ұйымдарының басшыларымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шараларға аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері де қатысты. Іс-шараның мақсаты - 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілетін мектепке дейінгі ұйымдардың білім беру қызметін лицензиялау талаптарын түсіндіру. Кездесулер барысында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығымен бекітілген біліктілік талаптары қарастырылды. Атап айтқанда, кадрлармен қамтамасыз ету, оқу-әдістемелік материалдардың болуы және материалдық-техникалық базаның белгіленген талаптарға сәйкестігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, ұйым басшыларына лицензиялауға дайындықтың негізгі бағыттары және ұйым қызметін белгіленген талаптарға алдын ала сәйкестендіру қажеттілігі түсіндірілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









