Бостандық ауданында SHUAQ жаңа жаяу жүргіншілер аллеясы ашылды

    1 / 2

    Алматы қаласының Бостандық ауданында Дунаевский көшесіндегі SHUAQ жаңа жаяу жүргіншілер аллеясын абаттандыру жұмыстары аяқталды. Серкебаев пен Радостовец көшелерінің арасындағы аумақта тұрғындардың серуендеуіне және демалуына арналған заманауи қоғамдық кеңістік құрылды.

    Жоба аясында жаяу жүргіншілер жолдары салынып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар балалар ойын кешені, пергола-тербелмелер, жарықтандырылатын субұрқақ және аллеяның сәулеттік келбетін айқындайтын биіктігі 7 метрлік мүсін орнатылды.

    Жобаны жүзеге асыру барысында тұрғындар үшін жайлы әрі тартымды қалалық орта қалыптастыруға, абаттандырудың заманауи шешімдері мен қоғамдық кеңістіктің функционалдығын үйлестіруге басымдық берілді.

    Жоба демеушілердің қолдауымен, бюджет қаражатын тартпай жүзеге асырылды.

    Жаңа SHUAQ аллеясы Бостандық ауданы тұрғындарының тағы бір сүйікті демалыс орнына айналып, отбасымен серуендеуге және бос уақытты жайлы өткізуге мүмкіндік береді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бостандық ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары