2026 жылғы 29 қарашада Қазақстанда мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді. Тиісті шешімді Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қабылдады.
Осы күні Алматы қаласының, оның ішінде Бостандық ауданының тұрғындары дауыс беруге қатысып, қалалық мәслихат депутаттарын сайлай алады.
Мәслихат – халықтың мүддесін білдіретін және жергілікті маңызы бар мәселелерді шешуге қатысатын жергілікті өкілді орган. Мәслихат депутаттары жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады.
Алматы қаласында сайлауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары қалалық аумақтық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес жүзеге асырылады.
Сайлау учаскелерінің шекаралары, дауыс беру орындарының мекенжайлары және учаскелердің жұмыс уақыты туралы ақпарат сайлаушыларға белгіленген тәртіппен жеткізіледі.









