Назарбаев даңғылындағы жаңартылған қасбеттер: тұрғын үйлердің кешенді жаңғыруы

    1 / 2

    Алматы қаласының Бостандық ауданында тұрғын үйлердің сәулеттік келбетін жаңарту бойынша кешенді жұмыстар жалғасуда. Негізгі мақсат – ғимараттардың қасбеттерін ретке келтіріп қана қоймай, көшелердің бірыңғай сәулеттік келбетін сақтай отырып, үйлесімді қалалық орта қалыптастыру.

    Осы жұмыстар аясында Назарбаев даңғылы бойындағы № 231 және № 237 тұрғын үйлердің қасбеттері толық жаңартылды. Сонымен қатар терезе жақтаулары ауыстырылып, балкондар мен шатырлар, оның ішінде шифер жабыны жаңартылды. Жүргізілген жұмыстар ғимараттардың сыртқы келбетін жақсартып, оларға эстетикалық әрі жинақы көрініс беруге және тұрғындардың жайлы өмір сүру жағдайын жақсартуға мүмкіндік берді.

    Қасбеттерді жаңарту – аудан аумағын абаттандыруға бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі. Кешенді тәсіл тұрғын үйлерді кезең-кезеңімен жаңғыртуға, қалалық ортаның көрнекі келбетін жақсартуға және тұрғындар үшін қолайлы кеңістік қалыптастыруға мүмкіндік береді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Бостандық ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары