Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұхамбетовтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Жолдауын талқылауға арналған аудан активінің отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері, мемлекеттік органдардың, аудандық бөлімдердің, ұйымдар мен мекемелердің басшылары, ақсақалдар мен қоғам өкілдері қатысты.
Отырыс барысында Мемлекет басшысының Жолдауын іске асырудың негізгі бағыттары қарастырылды. Атап айтқанда, экономиканы дамыту, инвестициялар тарту, инфрақұрылымды жаңғырту, әлеуметтік саланы жетілдіру және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру мәселелері талқыланды.
Президент жүктеген міндеттерді аудан деңгейінде жүзеге асыруға, жұмыстың басым бағыттарын айқындауға және берілген тапсырмалардың уақытылы орындалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты басшыларға нақты міндеттер жүктеді. Сондай-ақ Осакаров ауданының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ету және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру жолында жүйелі әрі үйлесімді жұмыс жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









