Осакаров ауданында мемлекеттік қолдаудың арқасында ауыл туризмі дамып келеді

    Осакаров ауданының Нияз ауылдық округінде, Қаракөл көлінің жағасында «Ұлттық нақыштағы Этноауыл» туристік жобасы жүзеге асырылды.

    Жобаның бастамашысы – аудан әкімінің грантын жеңіп алған жергілікті жас кәсіпкер Хуат Әубәкір.

    Табиғаты көркем, кең даланың төсінде жайлы демалуға қажетті жағдайлар жасалған киіз үйлерден тұратын этноауыл бой көтерді. Мұнда келушілер қазақ халқының салт-дәстүрлерімен танысып, ұлттық ойындар ойнап, атпен серуендеп, көлде балық аулап, табиғат аясында тыныға алады.

    Жоба қазақ халқының ұлттық болмысын заманауи демалыс жағдайларымен ұштастырып, ұлттық мәдениетті дәріптеуге, туристерді тартуға және ауданның туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

    Мемлекеттік қолдау аясында осындай бастамалардың жүзеге асырылуы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, туристік қызмет түрлерін кеңейтуге және ауылдық аумақтардың экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Осакаров ауданының әкімдігі" жаңалықтары