1 / 12
Осакаров ауданының әкімі Руслан Нұрмұханбетовтің тұрғындармен қорытынды кездесуі Осакаровка кентінде өтті.
Кездесу барысында тұрғындар қоқыс шығару, электрмен жабдықтау, газдандыру, кентті абаттандыру, коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі және күнделікті тұрмысқа қатысты өзге де өзекті мәселелерді көтерді.
Түскен өтініштер бойынша түсініктемелер берілді. Жауапты басшыларға айтылған мәселелерді жан-жақты қарастырып, оларды шешудің ықтимал жолдарын пысықтау тапсырылды.
Кездесу соңында аудан әкімі азаматтарды жеке қабылдап, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдады.








