Осакаров ауданында Республика күніне арналған мерекелік концерт өтті

    Аудан әкімі Руслан Нұрмұханбетов тұрғындарды ұлттық мерекемен құттықтап, ауданның дамуына өз еңбегімен үлес қосып жүрген барша азаматтарға алғыс білдірді.

    Ауданның дамуына қосқан ерекше үлесі үшін басшыларға, инвесторлар мен мамандарға Құрмет грамоталары мен алғыс хаттар табысталды. Олардың кәсіби біліктілігі, бастамалары мен жұмысқа жауапкершілікпен қарауы жерлестеріміздің тұрмысын жақсартуға септігін тигізуде.

    Өнерпаздар мен шығармашылық ұжымдар өз өнерлерімен көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.

    Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймыз! Зор денсаулық, бақ-береке, бейбітшілік пен татулық тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Осакаров ауданының әкімдігі" жаңалықтары