Алматыда тағы бір заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

    1 / 3

    Қала құрылысын бақылау басқармасының өкілдері3-шағынаудан, 16А мекенжайында орналасқан ғимараттың сүріліп жатқанын айтты.

    Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында рұқсат құжаттарының болмауына байланысты меншік иесі «Ай» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Алайда нұсқама орындалмағандықтан, материалдар сотқа жолданды.

    Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен меншік иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылып, заңсыз салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзу туралы шешім қабылданды.

    Нысанды сүру жұмыстары қалалық Әділет департаментінің сот орындаушыларының қатысуымен басталды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары