Алматылық боксшы Еркетаң Жарқынбек әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

    1 / 2

    Алматылық боксшы Еркетаң Жарқынбек Черногорияның Будва қаласында өткен 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы Алматы қаласы Спорт басқармасының өкілдері хабарлады.

    90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Еркетаң алғашқы жекпе-жегінде мексикалық Рамиро Нуньесті 5:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

    Ширек финалда қазақстандық боксшы Германия өкілі Йоан Эрнандесті 3:2 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Осы жеңістің арқасында Еркетаң әлем чемпионатының жүлдегері атанды. Алайда жартылай финалда украиналық Владислав Науменкоға 1:4 есебімен жол беріп, жарысты қола медальмен аяқтады.

    World Boxing ұйымы ұйымдастырған әлем чемпионаты 16-27 қазан аралығында өтті. Байрақты бәсекеге 69 ұлттық федерациядан 474 боксшы қатысты.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Алматы қаласының әкімдігі" жаңалықтары