Целиноград ауданында «Ұстаз. Тәжірибе. Болашақ» аудандық педагогикалық форумы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    Целиноград ауданында «Ұстаз. Тәжірибе. Болашақ» аудандық педагогикалық форумы өтті

    Қаражар ауылындағы заманауи мектеп-лицей базасында Мұғалімдер күніне орай «Ұстаз. Тәжірибе. Болашақ» атты аудандық педагогикалық форум өтті.

    Форум Целиноград ауданының педагогтерін, білім беру ұйымдарының басшыларын, педагогика саласының ардагерлерін және жас мамандарын бір алаңға жинады. Іс-шара кәсіби қарым-қатынас орнатуға, үздік тәжірибелермен алмасуға, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи тәсілдерін, сондай-ақ білім беру жүйесін дамытудың келешектегі бағыттарын талқылауға мүмкіндік беретін маңызды диалог алаңына айналды.

    Форум жұмысына Целиноград ауданының әкімі Дарын Сабырғалиұлы қатысты. Ол педагогтерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жас ұрпақты тәрбиелеу мен оқытудағы ұстаздардың айрықша рөлін атап өтті. Сондай-ақ білім беру саласының қызметкерлеріне адал еңбегі, өз ісіне деген жауапкершілігі мен ауданның білім беру жүйесін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

    Форум аясында кәсіби қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген, олимпиадалар мен түрлі байқаулардың жеңімпаздарын дайындаған, заманауи білім беру технологияларын тиімді енгізіп, өскелең ұрпақты тәрбиелеуге сүбелі үлес қосқан педагогтерді марапаттау рәсімі өтті.

    Форум қатысушылары білім беру саласын дамытудың өзекті мәселелерін, білім сапасын арттыру жолдарын, инновациялық әдістемелер мен цифрлық технологияларды оқу процесіне енгізу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар педагогтердің тәжірибе алмасуы, тәлімгерлік институтын дамыту және жас мамандардың кәсіби өсуіне қолайлы жағдай жасау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Форумның Қаражар ауылындағы жаңа мектеп-лицейде өтуі ерекше мәнге ие болды. «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған заманауи білім ордасы оқушылардың сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасап қана қоймай, педагогтердің озық бастамалары мен жаңа идеяларын жүзеге асыруға кең мүмкіндік береді.

    Осындай кездесулер педагогтердің кәсіби қауымдастығын нығайтуға, олардың шығармашылық әлеуетін арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға ықпал етеді.

    Барша педагогтерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, кәсіби қызметтерінде толағай табыстар, шәкірттерінің жетістіктері мен алдағы уақытта да өскелең ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі еңбектеріне табыс тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары