Әдеп пен адалдық – мемлекеттік қызметтің басты қағидаттары

    1 / 3

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілі облыстық Әдеп жөніндегі кеңестің отырысына қатысып, 2026 жылдың 10 айында атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

    Есеп барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру және ұжымда қолайлы моральдық-психологиялық ахуалды нығайту бағытында жүргізілген жұмыстар баяндалды.

    Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет, қызметтік әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама мәселелері бойынша консультациялар беріліп, семинарлар, түсіндіру кездесулері және профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды. Азаматтармен тікелей байланыс орнату мақсатында «Ашық есік күндері» өткізіліп, мемлекеттік қызметтің ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету бағытында ақпараттық жұмыстар жүргізілді.

    Сонымен қатар, мүдделер қақтығысының алдын алу, мемлекеттік қызметшілерге қойылатын заңнамалық шектеулерді сақтау, құмар ойындарға тәуелділіктің (лудомания) алдын алу, қызметтік тәртіп пен жеке жауапкершілікті арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Есеп қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және ұжымдағы қолайлы моральдық - психологиялық ахуалды нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.

    Адалдық, әділдік, жауапкершілік және халыққа қызмет ету – мемлекеттік қызметтің негізгі құндылықтары.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары