МӘС саласындағы өзекті мәселелер Іле аудандық ауруханасында талқыланды

    МӘС саласындағы өзекті мәселелер Іле аудандық ауруханасында талқыланды

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі Іле аудандық ауруханасында медициналық ұйымдардың жауапты мамандарымен семинар-кеңес өткізді.

    Кездесу барысында 2026 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша медициналық-әлеуметтік сараптамаға (МӘС) 031/у нысаны бойынша негізсіз жолданған азаматтарға қатысты мәселелер қаралды. Сонымен қатар, нозологиялар статистикасына, мүгедектік тобын белгілеу және жеке абилитациялау және оңалтудың бағдарламасын (ЖАОБ) әзірлеу көрсеткіштеріне талдау жүргізілді.

    Семинар барысында азаматтарды сырттай-проактивті куәландыруға жолдау кезінде 031/у нысанын сапалы әрі талапқа сай толтыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Дәрігерлер тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті түсіндірмелер берілді.

    Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №260 бұйрығымен бекітілген медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар түсіндірілді.

    Кездесу қорытындысы бойынша медициналық ұйымдардың жауапты мамандарына МӘС-ке азаматтарды жолдау сапасын арттыру, медициналық құжаттарды талапқа сәйкес рәсімдеу және қолданыстағы нормативтік талаптарды сақтау бойынша тиісті ұсынымдар берілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары