
Жүргізушілер, абай болыңыздар: ауа райы күрт өзгеруде
Күз мезгілінің келуімен ШҚО жолдарында жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі және көріну қашықтығының нашарлауы жиілеп отыр.
Мұндай ауа райы жол қозғалысының қауіпсіздігіне тікелей әсер етіп, жол-көлік оқиғаларының болу қаупін арттырады.
ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерді:
- жылдамдықты төмендетіп, оны ауа райы жағдайына қарай таңдауға;
- қауіпсіз арақашықтықты сақтауға;
- жол жабынының жағдайын ескеруге;
- күрт маневр жасаудан және басып озудан бас тартуға шақырады.
Рөлде мұқият болыңыздар.
Ауа райы күрделі болған жағдайда тәуекелге бармай, жолға көбірек уақыт бөлген дұрыс.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыздар. Жол қауіпсіздігі әр жүргізушіден басталады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









