
«Цифрлық учаскелік инспектор» — заң мен тәртіпті қамтамасыз етудегі заманауи технологиялар
Учаскелік полиция инспекторларының күнделікті қызметін цифрландыру бекітілген аумақ пен оның тұрғындары туралы қажетті мәліметтерді, профилактикалық есепте тұрған тұлғалар жөніндегі деректерді, интерактивті карталар мен статистикалық көрсеткіштерді бір ақпараттық кеңістікте біріктіруге мүмкіндік береді.
Қағаз құжаттардан бас тартып, цифрлық құралдарды пайдалану ақпаратты іздеу және өңдеуге жұмсалатын уақытты қысқартады. Бұл учаскелік инспекторға құқық бұзушылықтардың алдын алуға, тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға және халықпен сенімді байланыс қалыптастыруға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
Заманауи технологиялар полиция қызметінің жеделдігін, қолайлылығы мен тиімділігін арттырып, «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың жаңа тәсілін қамтамасыз етеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі









