Қарияларға құрмет – ұлттық құндылық

    Қарияларға құрмет – ұлттық құндылық

    1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Департамент қызметкерлері Алматы облысының әкімшілігі және Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп «Шарапат» арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына барып, орталықта тұратын қарияларды мерекелерімен құттықтады.
    Іс-шара барысында қазыналы қарттарға арнайы концерттік бағдарлама ұсынылып, әсем әндер шырқалды. Мерекелік көңіл күй сыйлаған өнерпаздардың өнері қарияларға ерекше қуаныш сыйлады.
    Жас ұрпақ қашанда үлкенді сыйлап, қарияны құрметтеуді басты құндылықтардың бірі санаған. Өйткені аға буынның өмірлік тәжірибесі мен өнегесі, ақыл-кеңесі мен ақ батасы – кейінгі ұрпақ үшін баға жетпес рухани мұра.
    Қарияларға құрмет көрсету – баршамыздың азаматтық әрі адамгершілік парызымыз.
    Ардақты ақсақалдарымыз бен аяулы әжелерімізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық пен береке тілейміз!
    Қарияларымыздың мерейі үстем, абыройы асқақ болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті" жаңалықтары