Өскеменде автотұрақтағы дрифт әкімшілік жауапкершілікпен аяқталды

    Өскеменде автотұрақтағы дрифт әкімшілік жауапкершілікпен аяқталды

    Өскеменде автотұрақтағы дрифт әкімшілік жауапкершілікпен аяқталды

    Өскемен қаласында полиция қызметкерлері автотұрақ аумағында қауіпті маневр жасаған жүргізушіні анықтады. Toyota Chaser автокөлігін басқарған әйел дрифт жасап, айналасындағыларға қауіп төндірген. Сонымен қатар автотұрақтың жол жабынына зақым келтірген.

    Полиция қызметкерлері дереу шара қабылдады. Құқық бұзушы анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Оның әрекеті Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен, яғни ұсақ бұзақылық ретінде сараланды.

    Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті жүргізушілерді қоғамдық орындарда белгіленген тәртіпті сақтауға және айналадағыларға қауіп төндіретін қауіпті маневрлерге жол бермеуге шақырады.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары