Қызметкерлер — Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Нарматов Айдынжан Жанабердіұлы
    Басшы

    Нарматов Айдынжан Жанабердіұлы

    Департамент басшысы

    Нарматов Айдынжан Жанабердіұлы 1973 жылы Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында дүниеге келген. 1995 жылы Қазақтың Еңбек Қызыл Ту орденді ауылшаруашылық институтын бітірген. 2008 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін бітірген.

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылауМедициналық-әлеуметтік сараптама

    Бөлім

    10
    Сенгербаев Даулет Турарбаевич
    Бөлім басшысы

    Сенгербаев Даулет Турарбаевич

    Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы

    1971 жылы туған, ұлты – қазақ, Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Ақсуат ауданының Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі - Жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы «Сырдария» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

    Басқа қызметкерлер

    7
    Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы
    Басшының орынбасары

    Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы

    Департамент басшысының орынбасары

    Ерлан Жеңісбайұлы Абдалиев 1980 жылы Алматы облысы, Қапшағай қаласында дүниеге келген. Білімі жоғары. 1997 жылдан 2001 жылға дейін Алматы коммерциялық институтының «Қаржы және несие» факультетіне оқуға түсіп, оқып шықты.