Ботабекова Гульмира Жанымхановна

    Басшының орынбасары

    Ботабекова Гульмира Жанымхановна
    Заместитель руководителя

    Ботабекова Гульмира Жанымхановна

    Басшының орынбасары

    Өмірбаян

    Ботабекова Гульмира Жанымхановна 1968 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Раздольное ауылында дүниеге келген.

    1986-1993 жылдары Семей медициналық институтында «Педиатрия» мамандығы бойынша оқу оқыды. 1985-1986 жылдары Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Абай атындағы совхоздың құрылыс учаскесінде жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.

    Өзінің мамандығы бойынша еңбек жолын 1993 жылдың тамыз айынан Өскемен қаласының №2 қалалық ауруханасында травмотолог болып бастады.

    1999 жылғы тамыздан 2002 жылғы қаңтарға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің №2 медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС) бөліміне дәрігер-хирург болып қабылданды.

    03.01.2002ж. арнайы тексеру нәтижелерін алғанға дейін хирург дәрігер-сарапшысының бас маманы міндетін уақытша атқарды және 02.03.2003ж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің №3 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің бас маман дәрігер-хирург маманы болып тағайындалды.

    14.01.2006ж. сынақ мерзімімен № 3 МӘС бөлімінің дәрігер-сарапшы хирург бөлімінің бөлім бастығы лауазымына ауыстырылды, осы лауазымда 01.09.2008 ж. дейін жұмыс жасап келді.

    Бұдан әрі, 2008 жылғы 1 қыркүйекте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Бақылау және әлеуметтік қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау Департаментінің №5 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің басшысы болып ауыстырылды.

    01.11.2012ж. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімінің басшысы.

    05.03.2022 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментің медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері жөніндегі басшының орынбасары

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері