Құжаттарды қарау қанша уақытты алады?
Құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда Департамент 7 жұмыс күні ішінде ұйымға барып, құжаттарға тексеру жүргізеді. Осыдан кейін қорытынды қалыптастырылып, қызмет көрсетушінің қарауына жіберіледі
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті
Құжаттарды қарау қанша уақытты алады?
Құжаттардың толық пакеті ұсынылған жағдайда Департамент 7 жұмыс күні ішінде ұйымға барып, құжаттарға тексеру жүргізеді. Осыдан кейін қорытынды қалыптастырылып, қызмет көрсетушінің қарауына жіберіледі
Қолжетімділік бөлігінде сәйкестік туралы декларацияны кім келіседі?
2026 жылғы 1 шілдеден бастап объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету фактісін растауды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің...
Сәйкестік туралы декларация дегеніміз не?
Сәйкестік туралы декларация — аяқталған құрылыс объектісі бойынша орындалған жұмыстардың бекітілген жобаға және сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтердің талаптарына сәйкестігін растайтын құжат. Қолжетімділік бөлігінде декларация мүгедектігі бар ад...
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге арналған лицензия қандай жағдайларда қайта ресімделеді?
Лицензияда көрсетілген мәліметтер өзгерген жағдайда лицензия Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен қайта ресімделуге жатады.
Лицензия алуға өтініш қайда беріледі?
Лицензия алуға өтініш электрондық түрде Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы беріледі.
Лицензиялау қандай нормативтік құқықтық актілермен реттеледі?
Негізгі нормативтік құқықтық актілер: Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 230 «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге лицензия беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы; Қазақстан Республик...
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау дегеніміз не?
Лицензиялау — ұйымның арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету үшін белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін мемлекеттік растау рәсімі. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін ұйымдарды лицензиялау міндетті болып...
Бұзушылықтар жойылмаса не болады?
Анықталған бұзушылықтар белгіленген мерзімде жойылмаған не нұсқаманың орындалғаны туралы ақпарат ұсынылмаған жағдайда, бақылау және қадағалау органы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінде көзделген тәртіппен жоспардан тыс тексеру тағайындауға құқылы.
Нұсқама алғаннан кейін субъект не істеуі тиіс?
Бақылау және қадағалау субъектісі анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамада белгіленген мерзімдерде жоюға және олардың жойылғаны туралы ақпаратты бақылау және қадағалау органына қажет болған жағдайда қоса берілетін құжаттармен бірге ұсынуға міндетті.